«Nur Otan» партиясының «Балаларға ақысыз ІТ-сынып ашу» бастамашыл жобасы аясында Жамбыл аудандық партия филиалы және Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясында ІТ-сыныбы ашылды.
IT-сынып заманауи компьютерлермен, 3D принтер, жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылған. Бұл сыныптың ашылу мақсаты жастарды робототехника, 3D формат жобасында роботтар мен жұмыс жасап, қимыл қозғалыстарын үйренуге бағытталды.
Сонымен қатар, ІТ-сыныпта оқушылардың сабақ оқуымен және құрал-жабдықтармен жұмыс істеудегі ескертпе стендтері, робототехника және 3D модельдеу үстелдері құрал-жабдықтарымен орналасқан. ІТ-сыныпта оқушылар «STEM centr» акдемисы бойынша 3 модульден тұратын оқу бағдарламасымен оқиды. ІТ-сыныпта 8 және 16 жас аралығындағы оқушыларға оқытылады. ІТ-сыныпта оқушылар 1-ші оқу модулінде бағдарламалауды игеріп шығады. Онда оқушылар «Скрейтч», «Питон», «Си++», «Жава», 2-ші оқу модулінде робототехниканы меңгереді. Онда оқушылар «Лего» және «Арудинно», 3-ші оқу модулінде 3D модельдеуді игереді. Онда оқушылар «Аутодеск», «Скетч ап», «Солидоркс» бағдарламаларын меңгеріп шығады.
ІТ-сыныптың ашылуына Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова қатысып, ІТ-бағдарлама мен робототехниканың қазіргі замандағы алар орны ерекше екендігіне тоқталды. Бүгінде сымсыз смартфон, желілік теледидар тағы басқа заманауй құралдар осы ІТ технологияның жемісі. Алдағы уақытта ІТ-сыныпта оқушылар білім алып болашақ кәсіптерін мектеп табалдырығынан табуына мүмкіндік алады.
Айта кетейік, «Nur Otan» партиясы балаларға арналған тегін IT-сыныптар ашу және IT-мамандар даярлау ісін «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында қолға алған болатын. Бұл жоба аясында еліміз бойынша 1000 ІТ-сынып ашылып, онда жылына 8-16 жас аралығындағы 150 мың бала бағдарламалау және робот техникасының негіздері жайында Еуропалық білім беру стандарты негізінде тереңдетілген білім алады.
Әзірге 2018-2020 жылдарға, яғни үш жылға жоспарланған бұл жоба бойынша 450 мың баланы оқыту көзделіп отыр. Бұл бастама мектептерге факультативті пән ретінде енгізіліп, үш айлық және алты айлық курс ретінде жүргізіледі.