Деревянченконың Головкинмен жекпе-жектен кейінгі фотосы шықты

/image/2019/10/07/500_5d9aa820c7310.jpg
Өткен демалыста Нью-Йорктағы Madison Square Garden аренасында IBF және IBO титултары үшін Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) арасында жекпе-жек өткені белгілі.
 
Кездесуде қазылардың бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша GGG жеңіске жетіп, орта салмақтағы әлем чемпионы атанды.
 
Жекпе-жектен кейін оң қасы жарылған Деревянченконы ауруханаға алып кеткен болатын. Артынша желіде украиналық боксшының фотосы жарияланды. Онда Сергейдің екі көзінің де көкпеңбек болып көрініп, ісіп кеткені көрініп тұр.
 
 
 

Связанные Статьи