Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қанат Исламның жеңісі туралы пікірін жеке парақшасында жариялады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Қанат Исламның титулдық жекпе-жегі жеңіспен аяқталды. Қанат бірінші орта салмақтағы WBO International белбеуі үшін намибиялық боксшы Уолтер Каутондоквамен жұдырықтасты.
Оңайға соқпаған 10 раундтық жекпе-жек пен жанкүйерлердің толқынысы. Бірақ Қанат жеңіске деген жігері мен қайтпас қайсар мінезін көрсете білді. 27-жеңіс құтты болсын, Чемпион!" делінген жазбада.
Еске салсақ, Алматыда өткен Қанат Ислам (27-0, 21 КО) мен намибиялық боксшы Уолтер Каутондоква (18-2, 17 КО) арасындағы жекпе-жек қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Бірақ төрешілердің шешімімен келіспей жатқандар көп. Ал Уолтер Каутондоква шаршы алаңнан кетіп бара жатып, жекпе-жектің нәтижесі әділетсіз екенін айтты.