Қостанайда 5 ауыл жойылады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі alau.kz сайтының дерегін негізге алып. Қысқартылатын ауылдардағы халық саны елуден аспайды.
Қостанай облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясында депутаттар облыстың әкімшілік-территориялық құрылымын өзгертуге дауыс берген.
Қостанай, Денисов, Әулиекөл және Қарасу аудандарындағы бес елді мекенді тарату туралы шешім қабылданды. Қостанай облысының картасынан Янушевка, Чебендовка, Кирова, Братское, Күленсай ауылдары сызылып тасталады.