Жеке куәлікті QR-код арқылы қолдануға болады

/image/2019/11/06/crop-12_4_458x768_dgeke-kualik.jpg

Жеке куәліктің электронды нұсқасы шықты – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, Елорда Инфо -ға сілтеме жасап.

"Өзіңіздің және отбасы мүшелерінің жеке куәлігін электронды түрде табу оңай. Жеке куәліктердің электронды түрі "eGov mobile" мобильді қосымшасында қолжетімді. #NITEC ("Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ) веб-әзірлеушілері жаңа мобильді қосымшаны іске қосты. Егер сізде өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болмаса, "eGov mobile" мобильді қосымшасының көмегімен QR-код арқылы оның электронды нұсқасын қолдана аласыз", –  деп  "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мәлімдеді.

"eGov mobile" мобильді қосымшасы Play Market (Android) және App Store (iPhone) қосымшаларында қолжетімді. Оны қалай қолдану керектігі туралы @nitec.kz және @egov.kz сайттарынан білуге болады.

Связанные Статьи