Заңсыз көші-қон ұйымдастырған топ құрықталды

/image/2019/11/20/crop-4_6_526x788_zanhsyz.jpg

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратура қызметкерлерімен бірлесе отырып, Орталық Азия аймағынан Қазақстанға заңсыз көші-қон ұйымдастырып келген бір топ адамды ұстады, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Қылмыстық топқа Алматы қалалық Көші-қон қызметі орталығының қызметкерлері, құжатты ресімдеуді жеделдету қызметін көрсететін, сондай-ақ жалған №086 анықтамасын шетелдіктерге беретін бірқатар делдал кірген", – деп комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Связанные Статьи