Бірінші Түркістандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумда сөз сөйлеген Димаш Ниязов Америкада кез-келген автомобильде «Сыпайылық, кәсіпқойлық, құрмет» деп жазылғанын тілге тиек етті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ ол Қазақстандағы полиция қызметкерлерін елге абыроймен қызмет етуге, азаматтардың құқықтарын қорғауға шақырды, деп хабарлайды ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті.
Димаш Ниязов Нью-Йорктегі полиция қызметкерлері адамдарға қызмет ететінін және олардың пара алмауға бел буғанын атап өтті. Сонымен қатар, Д.Ниязов құқық қорғау органдарындағы қызметкерлер санын оңтайландыруды және жинақталған жалақыны көбейтуге бағыттауды ұсынды.