Полицеймен төбелескен 3 этникалық дүнген қамауға алынды

/image/2020/02/18/crop-3_11_445x593_2020_02_08_crop-100_14_503x670_korday-politsiya.jpg

Қордай ауданының полиция қызметкерлерімен төбелескен 3 жігітке қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. 

7 ақпанда Қордай ауданының Сортөбе ауылында полиция қызметкері Воинги Л. жүргізген Honda Odyssey көлігін тоқтатқан. 

"Қажетті құжаттардың болмауына байланысты полицей Воингви Л.-ға полиция бөліміне баруды ұсынған. Алайда ол полицейдің талаптарын орындамай, оған қарсы шыққан. Кейін ол үйіне барып, өзінің  Воингуй А. и Воингуй М. атты ағаларымен бірге полиция қызметкеріне күш көрсеткен. Олардың төбелескен видеосы әлеуметтік желіге тарап кеткен", - делінген хабарламада. 
 
Осы факті бойынша Бас прокуратураның арнайы прокуроры Қылмыстық кодекстің 380-бабы 1-бөлігі («Билік өкіліне зорлық-зомбылық қолдану») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді.
 
Үш айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, тергеу сотының келісімімен қамауға алынды. 14 ақпанда қылмыстық іс айыптау қорытындысымен Қордай аудандық сотына жіберілді.

Связанные Статьи