Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медицина қызметкерлеріне әлеуметтік желідегі facebook парақшасында алғысын білдіріп, жазба қалдырды.
– Еліміздің санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлеріне, санитарлық зертханалардың қызметкерлеріне, коронавирус инфекциясы бар деп күдіктелген науқастарға көмек көрсетіп жүрген барлық медициналық қызметкерлерге, сондай-ақ, ауруханаларға алғысымды білдіремін. Қандай да бір қиындықтар мен қауіп-қатерге қарамастан өздеріңіздің кәсіби қызметтеріңізді абыроймен орындауды жалғастырудасыздар. Сіздердің жұмысқа деген адалдықтарыңыз бен отансүйгіштіктеріңіздің арқасында Қазақстан аты шулы қауіпті індетке қарсы тұра алады деп сенемін,– деп жазған министр парақшасында.