Коронавирустан Қазақстанға келген шығын көлемі есептелді

/image/2020/03/10/crop-4_4_192x247_bez-nazvaniya.jpg

Қазақстанда кедендік баж бен Қытайдан келетін тауар импортынан түсетін салық 12 пайызға немесе 2,1 млрд теңгеге кеміді. Бұл туралы үкімет отырысында қаржы министрі Әлихан Смайлов мәлім етті.

Қаржы министрінің сөзінше, коронавирус эпидемиясы импорттан түсетін қосымша құн салығына теріс әсерін тигізуде. Жыл басынан бергі екі айда түсім жоспары 66,2 пайызға ғана орындалып, бюджетке 173 млрд теңге көлемінде қаржы түскен.

– Қытаймен импорт 2019 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 11 пайызға төментеген. Нақты көлем 27 пайызға азайған. Соның салдарынан кедендік баж бен импорт салығы 12 пайызға (2,1 млрд теңге) азайды, – деді министр.

Согндай-ақ екі айда автокөлік қозғалысы 24 пайызға, теміржол қозғалысы 14 пайызға қысқарған. 

Связанные теги :

Связанные Статьи