Алматыдағы тамақтану орындарының бірінде даяшы болып істейтін Жаныс Нүсіпжан "карантин жарияланғаннан кейін бірнеше күн өткен соң кафеміз жабылып қалды" дейді.
– Біздің кафеде 20 шақты даяшы істейді. Карантинге байланысты солардың бәрі үйінде отыр. 42500 теңге беріледі дегенді естісімен бір-бірімізден сұрастырып, жәрдемақыға өтініш білдіре бастадық. Мен бірыңғай жиынтық төлемді өтеп, ертеңінде 42500 теңгеге өтінім тастады. 4 күннен кейін шотыма ақша түсті. Үйге 1 айдың азық-түлігін алып қойдық. Төтенше жағдайдың созылуына байланысты жәрдемақы тағы да беріледі дегенді естіп қуанып отырмыз, – дейді ол.
Бүгінге дейін 784 мыңнан астам алматылық төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға арналған 42 500 теңгелік жәрдемақыға өтінім білдірген. 238 мың тұрғынның өтінімі кейінге қалдырылса, қалғандарына әлеуметтік төлем тағайындалған.