24 сәуірден бастап Алматы қаласында кеміргіш жәндіктерге қарсы күрес басталады, тазалық жұмыстары 31 мамырға дейін жалғасады.
Жаппай тазалау жұмыстары жоғарғы аудандардан басталып (оңтүстіктен солтүстікке қарай) 47 мың гектардан астам аумақты қамтиды. Бұл саябақтар, өзен жағалаулары, су қоймалары, арық науалары, контейнерлік алаңдар, сондай-ақ арнайы кеңістіктер. 141 мыңға жуық жеке тұрғын үй құрылысы тазаланады. Қазіргі уақытта қалада қақпандар орнату бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар дератизациялық өңдеуге мамандандырылған дәрігерлер мен арнайы техника жұмылдырылады. Аула аумақтарында дератизация жүргізу кезінде жеке сектордың тұрғындары арнайы улы химикаттарды тегін алатын болады. Кеміргіштерді жоюда кәсіпкерлік нысандар да қатысады.
Төтенше жағдай мен карантинді ескере отырып, алдын-ала өңдеу шамамен 3,5 мың сауда объектілері мен өнеркәсіп кәсіпорындары, 500-ден астам білім беру объектілері мен денсаулық сақтау мекемелері, оның ішінде ауруханалар, емханалар, мектептер мен балабақшалар, метро, вокзалдар мен стадиондар қамтылатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, дератизация егеуқұйрықтар мен тышқандардың санын реттеуге, сондай-ақ аса қауіпті жұқпалы және инвазиялық аурулардың таралуының алдын алуға бағытталған.
Жыл сайын іс-шаралар 2 турда өткізіледі. Биыл көктемгі іс-шаралар мамыр айының соңына дейін жалғасады. Жұмыстың келесі кезеңі күзде басталады.
Аудандарда дератизациялық жұмыстарды жүргізу кестесі:
- Наурызбай ауданы 24.04.2020 бастап 28.04.20 дейін
- Бостандық ауданы 29.04.2020 бастап 03.05.2020 дейін
- Медеу ауданы 04.05.2020 бастап 10.05.2020 дейін
- Алатау ауданы 11.05.2020 бастап 18.05.2020 дейін
- Ауезов ауданы 19.05.2020 бастап 20.05.2020 дейін
- Алмалы ауданы 21.05.2020 бастап 22.05.2020 дейін
- Жетісу ауданы 23.05.2020 бастап 26.05.2020 дейін
- Түрксіб ауданы 27.05.2020 бастап 31.05.2020 дейін