Нұр-Сұлтанда тағы бір науқас коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен хабарлады.
"Өкінішке қарай, сағат 10.40-та 64 жастағы әйел қайтыс болды. Марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтамыз. Жағдайы аса ауыр болды, тыныс алдыру аппаратына қосылды, екіжақты пневмониясы асқынды. Ол Ресей Федерациясының азаматшасы", - деді әкімнің орынбасары.