Мақтаарал ауданында тағы да 3 ауылды су басу қаупі сейілмей тұр

/image/2020/05/04/crop-19_8_826x1239_5eaedc3d72a65.jpg
 

Кеше Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы Жаңажол ауыл окугіндегі Өргебас ауылын қызыл су басып, М-39 "Ташкент-Термез" трассасының бойына жайылған.

Ал түсауа ішкі каналдар арқылы трассының келесі бетіне өтіп, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Ырысты, Қарақыр және Достық ауылдық округіне қарасты Гүлістан ауылының егістік алқаптарын жайылды.

Осыған байланысты Мақтаарал ауданының орталығы – Мырзакентте орналасқан облыстық штаб алдағы уақытта тұрғындарды су басқан жағдайда көшуге дайын болу керектігін ескертті.

"Үй жануарларын қауіпсіз жерге көшіріп, өздеріңізбен бірге құжаттарыңызды, жылы киім, бағалы заттар және керекті заттарыңызды әзірлеп, эвакуацияға дайын болуларыңызды сұраймыз!" делнген Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпараттық хабарламада.
Связанные теги :

Связанные Статьи