Хакерлер шоу-бизнес саласының үздік заңгері Аллен Грубманның веб-сайтына шабуыл жасап, 21 миллион доллар талап еткен. Бұл туралы Қамшы тілшісі The New York Post-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Интернет қарақшылары заңгер клиенттерінің, оның ішінде Элтон Джон, Леди Гага және Барбара Стрейзанның жеке мәліметтерін жария ететінін айтып қорқытқан.
Заңгердің "Grubman Shire Meiselas & Sacks" сайты істен шыққан. Хакерлер келісімшарттар мен жеке электрондық поштаны қоса алғанда 756 гигабайт деректерге ие екенін мәлімдеген. "Мадоннамен келісім-шарт жасалды" деген скриншот әлдеқашан жарияланған.
Бірнеше ақпарат көздері тергеу жүргізіліп жатқанын жазды. Заңгерлік фирма өзінің танымал клиенттерін бұл істен хабардар еткен.
Грубманның заңгерлік көмек көрсететін фирмасы Нью-Йорктегі және Голливудтағы жұлдыздарға қатысты келісімшарттар, құпия есеп айырысулар және келісімдермен жұмыс істейді.
Заңгерлік фирманың өкілі HBO, Zoom және Техас сот жүйесі бәрі бірдей хакерлік шабуылдардың құрбаны болғанын мәлімдеді.