Атыраудан республиканың өзге қалаларына рейстер қайта жанданады

/image/2020/05/22/crop-464_48_3887x5183_6f31660bbb57a3590c4d8ed4fa5abcaf_original.2012429.jpg

Қазақстанда 25 мамырдан бастап Атыраудан республиканың өзге қалаларына келесі бағыттар бойынша рейстер қайта ашылады.

«Air Astana»
Атырау – Алматы, Атырау – Нұр-Сұлтан бағыттарына аптасына 7 рейс;

«SCAT»
Атырау – Нұр-Сұлтан бағытына аптасына 5 рейс, ал 1-маусымнан бастап – 7 рейспен ұшады.
Атырау – Ақтау бағытында аптасына 7 рейс, ал 1-маусымнан бастап 14 рейс орындайды.

«Qazaq Air»
Атырау – Ақтау, Атырау – Ақтөбе, Атырау – Орал бағыттарында аптасына 4 рейстен;
Атырау – Шымкент бағытында аптасына 7 рейс жасайды.

«Fly Arystan»

шілдеден бастап Атырау – Шымкент бағытында аптасына 3 рейс орындайды.

Рейстер әуе компанияларының ресми сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Ұшақта бас санитарлық дәрігердің бекіткен қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы қажет: 

  • Жеке қорғаныс жабдықтарын пайдалану (бетперделер, қолғаптар);
  • Термометрия, әлеуметтік қашықтықтықты әуе кемесінің бортына отыруға дейін ұстану;
  • Әуежайлар мен әуе кемелердің күшейтілген дезинфекциясы.

Осылайша, 25 мамырдан бастап елдің барлық әуежайлары жұмысын қайта бастайды.

Связанные Статьи