Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биыл республикалық бюджеттен 111,5 млрд. теңге қарастырылып отыр. Ол қаражатқа 316 жоба іске асырылады, деп жазады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты.