Білім және ғылым министрі коронавирусқа тест тапсырды

/image/2020/06/14/crop-61_11_678x903_174049626900.jpg

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирусқа тест тапсырды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

"Білім және ғылым министрі COVID-19 тест тапсырып, нәтижесі теріс шықты. Асхат Қанатұлы бекітілген ережелерге сәйкес, оқшауланып, бейнеконференция арқылы қашықтан жұмыс істейтін болады" делінген министрлік таратқан хабарламада.

Сондай-ақ Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевта  коронавирусқа тест тапсырып, нәтижесі теріс шықты. Әкім қазіргі уақытта оқшауланып, бейнеконференция режимінде жұмысын жалғастырады.

12 маусымда премьер-министр Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған. Оның қасында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Аймағамбетов және Сапарбаев болған. Ал 14 маусымда Е. Біртанов коронавирус жұқтырғанын хабарлаған.

Связанные Статьи