Қазақстанда карантин тағы 2 аптаға созылуына байланысты табысынан айырылған азаматтарға 42500 теңге әлеуметтік төлемнің жартысы 21250 теңге төленеді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.
– Бүгін карантиннің ұзартылуына байланысты азаматтарға төлем төлеу туралы президент тапсырма берді. Алайда бұл жолы карантинде төленетін соманың жартысы төленеді, – деді Тоғжанов орталық коммуникациялар қызметін өткен брифингте.
Бұған дейін карантин енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға 42500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындалып келген.
Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссияға елде карантин режимін тағы екі аптаға ұзартуды тапсырған.