"Вашингтон АҚШ компаниясы жасаған "F-15EX" деп аталатын жаңа реактивті ұшақты Үндістанға берді" деп хабарлайды Eurasian Times.
"F-15EX" жойғыш ұшағы "F-15 Eagle"-дің жаңартылған нұсқасы. Ол екі қозғалтқышты ұшақ әрі 50 жылға жарамды.
Жаңа ұшақ "F-15" үлгісінің ең жетілдірілген нұсқасы деп сипатталды.
– Жаңа буын технологияларының көмегімен "F-15EX" жойғыш ұшағының қосымша мүмкіндіктері бар..."F-15EX" миссиясының маневрін, үдеуін, беріктігін, есептеу қуатын және қару-жарақ тасымалын арттырды... Бұл "F-15EX"-ке жаңа технологияны қолдануға мүмкіндік береді, өйткені ол реактивті ұшақты одан әрі жетілдіруге арналған, – деп хабарлады Boeing компаниясы.
Ұшақ Үндістанға ұсынылды. Қазірдің өзінде АҚШ әскери-әуе күштері Boeing компаниясымен сегіз жойғыш ұшақ үшін келісімшарт жасауда.
Келісім-шарттың құны шамамен 1,2 миллиард долларды құрады делінген. Алайда бұл көрсеткіш күрт өсіруі мүмкін. "АҚШ әскери әуе күштері жаңартылған 144 реактивті ұшаққа тапсырыс бере алатынын мәлімдеді" деп жазады Eurasian Times.