"Бұл – қылмыс". Қуат Хамитовқа қатысты ішкі істер министрлігі пікір білдірді

/image/2020/09/15/crop-0_3_281x500_500_5c9d926d1e4cf.png

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз спортшы Қуат Хамитовтың әрекетіне қатысты пікір білдірді.

– Қуат Хамитов әлеуметтік желідегі парақшасында зорлық-зомбылыққа шақырған үндеу жариялады. Бұл – тікелей заңды бұзу және қылмыстық құқықбұзушылық. Ішкі істер министрлігі азаматтарды жалған ақпарат таратпауға, мемлекеттік органдардың ресми деректеріне ғана сенуге шақырады. Заң бұзылған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескеру қажет, – деді брифингте Нұрділдә Ораз.

Кеше Қуат Хамитов әлеуметтік желіде жарияланған видеосы үшін полицияға жеткізілгені хабарланған. Ол қалада дезинфекция жасап жүргендерді халықты улаушылар деп атап, оларды ұрып-соғуға, ұшып бара жатқан тікұшақты атып түсіруге шақырған. 

Связанные Статьи