Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан коронавирустың екінші толқынына дайын екенін жеткізді. Бұл туралы ол Azattyq.TV -ға айтты.
– Үкімет үшін емес өзім үшін жауап берейін. Мен дайынмын. Өлсек өлерміз, тірі қалсақ, тірі қалармыз. Құдайдың жазғаны болады. Дайын болғанда маска тағып, тыныш жүрсең, ұйқың қанық болса болды емес пе?!, – деді депутат.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде коронавирус індеті өршісе қайтадан төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін екенін ескерткен.
14 қазанда министр вирус жұқтырғандар артқан бірнеше қалада карантин күшейгенін хабарлады.