Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларға жалпы сомасы 138,5 миллиард теңгеге 1,6 миллионнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударым жасалғанын жариялады.
Сайт мәліметінше, 2020 жылдың 1 қазанына дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 297 253 алушыға төлем жасаған. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 138,5 миллиард теңгеге 1,6 миллионнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударым жасалды. Оның ішінде:
– зейнет жасына толу бойынша төлемдер – 46,1 млрд теңге;
– сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 36,1 млрд теңге;
– тұрақты тұрғылықты жерге кетуге байланысты төлемдер – 27,6 млрд теңге;
– мұрагерлік бойынша төлемдер – 24,5 млрд теңге;
– жерлеуге берілетін төлемдер – 3,01 млрд теңге;
– мүгедектік бойынша төлемдер – 1,1 млрд теңге.
Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнет жасына толуға байланысты) 22 739 теңгені құрап, ай сайынғы ең жоғары төлем сомасы 506 980 теңге болды.