ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайы туралы ақпаратты жариялады.
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 4 732 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 344 бала бар.
Стационарларда 2 482 науқас жатыр. 2 250 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 161 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 19 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.