"Ақтап алуға болмайды". Тоқаев Венадағы терактіге пікір білдірді

/image/2020/11/03/crop-5_6_443x591_2020_10_30_crop-7_2_436x581_2020_10_29_crop-211_8_711x947_33207.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Венадағы жантүршігерлік терактіге қатысты пікір білдірді.

– Венадағы жантүршігерлік терактіні ешқандай ақтап алуға болмайды. Австрия Үкіметі мен халқының қайғысына ортақпын. Халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін терроризмге, адамзатты жеккөрушілік идеологиясы мен әрекетіне қарсы тиімді біріктіру керек, – деді ол Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, 2 қараша түнде белгісіз адамдар Австрия астанасы Венаның орталығында оқ атқан. Салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмып, бір жәбірленуші ауруханада қайтыс болды және 15 адам жарақат алды.

 

Связанные Статьи