Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 8 адам қайтыс болған

/image/2020/11/21/crop-264_13_669x892_37cafb22-1328-4b78-a576-70b1e8ac1360.webp

Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 8 адам қайтыс болғанын мәлімдеді.

Өткен тәулікте 822 адамнан коронавирус, 154 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталған.

Бір тәулікте 7 адам коронавирустан, 1 адам пневмониядан көз жұмған.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 10 838 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 511  бала бар. Стационарларда 3 127 науқас жатыр.  7 711 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Науқастардың арасында 224 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 24 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

 

Связанные Статьи