Қазақстанда коронавирустық инфекциядан 13 444 адам ем қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Емделушілердің арасында 912 бала бар. Стационарларда 3 586 науқас жатыр. 9 858 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 232 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 30 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.