Қазақстанның бірнеше облысында тұман мен аяз болады.
Қазгидромет синоптиктерінің мәліметінше, 6 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерін тұман басады.
Ал Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетуі мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында температура түнде 40 градусқа жетеді, қатты аяз сақталады.