Денсаулық сақтау министрлігі 24 қаңтарда Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастар туралы ақпарат жариялады.
Ведомство мәліметі бойынша, 26 736 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 6 753 пациент стационарда, 19 983 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Коронавирус инфекциясына шалдыққандардың арасында 291 адамның жағдайы ауыр, 50 пациенттің жағдайы өте ауыр, 43 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.