Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Сәдуақас Байғабылов әдеп жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасы міндетін атқарушының 2021 жылғы 1 ақпандағы бұйрығымен әдеп жөніндегі уәкілдің міндеттерін атқару департамент басшысының орынбасары С.Н.Байғабыловқа жүктелді" делінген хабарламада.
Бұған дейін Сәдуақас Байғабылов 2020 жылғы 20 қарашада Алматы қаласы бас санитар дәрігерінің орынбасары болып тағайындалған.