Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа қайта кірді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Павлодар облыстары тұр.
"Сары" аймақта Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
Қалған өңірлер "жасыл" аймақта орналасқан.
Қазақстан жалпы індеттің таралуы бойынша "жасыл" аймақта тұр.