Ғимарат опырылып түскен: 3 адам мерт болды

/image/2021/02/14/crop-22_5_287x511_shymkent-zavaly.png

Шымкенттегі "Ордабасы" индустриалдық зонасындағы цехте 3 ер адам үйінді астында қалып, қаза тапты, деп хабарлады vera.kz сайты.

Төтенше оқиға Қапал батыр тасжолы бойындағы 5 қабатты ғимаратта темір-бетон плиталарының құлауынан болған. Үйінді көлемі 625 шаршы метр.

Құтқарушылар үйінді астынан 1967, 1992, 1992 жылы туған 3 ер адамның денесін тапқан. Қолда бар дерекке сай, олардың бірі күзетші болып істесе, қалған екеуі цехтегі металл конструкцияны бұзып жатқан.

Төтенше оқиғаға Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 18 қызметкері, 1 кинологы, Апат медицина орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылған.

Связанные теги :

Связанные Статьи