Қазақстан Ұлттық Банкі құрамдас бөлігінде алтын компоненті бар күмістен жасалған номиналы 1000 теңгелік «QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN» коллекциялық монеталарын шығарады, деп хабарлады nationalbank.kz сайты.
Монеталардың сатылымға шығатын күні алдағы уақытта хабарланбақ.
1 000 теңгелік номинал 1000 дана таралыммен дайындалған. Жалпы массасы 62,2 грамм. 925/1000 сынамалы күмістен, массасы 46,2 грамм, құрамдас бөлігі 999/1000 сынамалы алтыннан, "proof" дайындау сапасымен әзірленген. Диаметрі 50 мм, массасы 16 грамм.
Монеталар төлемнің барлық түрі бойынша Қазақстанның бүкіл аумағында қабылдануға, сондай-ақ еліміздің барлық банкінде, банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбастап алуға міндетті.
Монеталар кәдесый орамында шығарылады және мемлекеттік тілде, орыс, ағылшын тілдерінде Қазақстан Ұлттық Банкінің нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.