Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда сайты.
"1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясы 2021 жылғы 28 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев орталығында "Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы" күн тәртібімен шақырылсын.
2. Қазақстан Республикасының үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын" делінген қаулыда.