7 жасар қыздың аяғын мыжып кеткен Тойота жүргізушісі іздестірілуде (видео)

/image/2021/04/08/crop-11_9_1058x1881_mycollages.jpg

Алматы қаласы Алатау ауданы Алғабас ықшамауданының тұрғыны Аяулым Байдахметова қызының аяғын басып кеткен көлік жүргізушісін іздеп жүр. Айтуынша, қызының аяғын сындырған адам барлық көмекті көрсетуге уәде беріп, артынша ұшты-күйлі жоғалған. Ал аяғы сынып, арбаға танылған Інжу төрт айдан бері жүре алмайды. Қызын өз бетінше емдетуге жалғызбасты ананың жағдайы жоқ. Жәбірленушінің жанайқайын Қамшы порталының тілшілері тыңдап қайтты.

 

Связанные Статьи