Вашингтон түрмеде отырған ресейлік оппозицонер Алексей Навальный абақтыда қайтыс болса, Мәскеу үшін оның салдары ауыр болатынын ескертті.
Ұлыбритания, Франция, Германия және Еуропалық Одақ та оның емделу жағдайына алаңдаушылық білдірді.
Навальныйдың дәрігерлері оның арқа ауруы мен аяғының ұйюына шұғыл медициналық көмек көрсетілмесе, "жақын күндері ол өледі" дейді.
Ресейдің Ұлыбританиядағы елшісі Навальныйға назарын аударып отырғанын және "түрмеде өлуіне жол берілмейді" деп мәлімдеді.
Ол 31 наурызда өзінің медициналық тобына кезіге алмауына наразылық ретінде аштық жариялады. Оның дәрігерлері жақындағы қан анализінің нәтижелерінен кейін Навальныйдың бүйрек қызметі нашарлап, кез келген уақытта жүрегі тоқтауы мүмкін екенін айтқан.