Шымкентте үш жасар бала екінші қабаттағы терезеден құлап кетті. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға әл-Фараби ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. 3 жасар қыз ата-анасының қарауынсыз қалған. Ауыр жарақаттанған ол қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.
Қазіргі уақытта бүлдіршін қалалық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер бүлдіршіннің бас сүйегі сынып, жағдайы ауыр екенін мәлімдеді.