АҚШ президенті Джо Байден Конгресстің бірлескен сессиясындағы алғашқы сөзінде жұмыс орындары, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша ауқымды инвестициялық жоспар құрғанын мәлім етті.
Сарапшылардың пікірінше, өзінің 100-ші жұмыс күні қарсаңында демократ шамамен 4 триллион долларлық шығындар жоспарларын құрған. Бұл АҚШ-тың 1960 жылдардан бергі ең үлкен қайта құру жоспары.
Ол мұны "бір ұрпақта бір рет болатын Американың өзіне инвестиция құю" деп атады.
Бірақ ұсыныстар Республикалық партияның қатты қарсылығына тап болды.