Коронавирустың таралуы бойынша Қазақстан "қызыл" аймаққа қайта оралды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта.
Алматы, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары "сары" аймақта.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда "Жасыл" аймақта