Жоғарғы сот судьясы Лариса Шепелева отставкаға кетуіне байланысты қызметінен босатылды. Бұл туралы парламент сенаты отырысында Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов мәлімдеді.
– Лариса Шепелева отставкаға шығуға ниет білдірді. Құрметті депутаттар, Жоғарғы соттың судьясы отставкаға шығуына байланысты қызметінен босату туралы мемлекет басшысының ұсынымын қолдауды сұраймыз, – деді Т. Донақов.
Сенаторлар ұсынысты бірауыздан қолдап, дауыс берді.
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев ұзақ жылдар бойы сот жүйесінде еңбек етіп, ел дамуына үлес қосқаны үшін Лариса Шепелеваға алғыс айтты.