АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы америкалық Роб Бранттан басым түсті.
10 раундқа жалғасуға тиіс болған жекпе-жекте Әлімханұлы техникалық нокаутпен жеңді. Оның қарсыласы 9-раундта шаршы алаңға шығудан бас тартты. Ол бұған дейін 6-раундта нокдаун алған.
Кездесудің қызықты сәттерін мына жерден көруге болады.
Жәнібек Әлімханұлы осылайша профи-рингтегі оныншы жеңісіне қол жеткізді. Ал Брант үшінші мәрте жеңіліп отыр. Брант бұған дейін WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы болған. Ал Жәнібек Әлімханұлына екінші дәрежелі WBO Global белбеуі тиесілі.