Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде соңғы екі аптада мегаполисте КВИ дерті 1143-тен 2377 жағдайға дейін өскенін айтты.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қала тұрғындарынан жағдайдың ушығуын болдырмау үшін белгіленген шектеулерді сақтауды сұрады.
Ж. Бекшиннің айтуынша, соңғы тәулікте Алматыда КВИ-дің 305 жағдайы тіркелген. "Алматыда 17 маусымнан бастап эпидемиологиялық жағдай барынша контагиозды мутацияланған жаңа "дельта" штаммының таралуына байланысты күрделене түсті.
Өткен аптада ПТР нәтижелері алдыңғы 7 күндегі 130-ға қарағанда тәулігіне 215-ке дейін өсті", – деді қаланың бас санитарлық дәрігері. Ол биылғы жылы мегаполисте қазірдің өзінде 56 мыңнан астам вирус жұқтырғандардың, оның ішінде маусым айында 4 573 жағдайдың тіркелгеін айтты.
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында дерт өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10 есеге артқан. 132 Жарияланған күні 02 шілде 2021 Қызмет бағыты Денсаулық сақтау Жаңалықтарға жазылу