Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта "қола" медальді жеңіп алды, деп мәлімдеді Olympic.kz сайты.
Отандық спортшы кіші финалда болгариялық Георгий Вангеловті 5:1 есебімен ұтты. Қазақстандық балуан жартылай финалда Үндістан балуаны Рави Кумарға есе жіберген еді.
Қола медаль үшін еркін күресте Санаев намысты қолдан бермей, қазақстандық балуандардың Токиодағы алғашқы медалін жеңіп алды.