Ақмола облысының бас санитар дәрігері С. Омарханов карантин шараларына өзгеріс енгізді.
Облыстық санитар дәрігер қаулысына сай, халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін істейді. Ал демалыс күндері (сенбі, жексенбі) және мереке күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.
Ал Көкшетау қаласында жұмыс режимі сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін ХҚКО кезекші бөлімшелерін ұйымдастыруға жол беріледі. Азаматтар "Ashyq" қосымшасы арқылы қабылданады.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Облыста өткен тәулікте 234 адамнан коронавирус анықталған. 278 адам емделіп шыққан.