Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов вайнер, актер Азимжан Сайлбаевке іздеу жарияланғанын хабарлады.
"Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі 2-пункті (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету: аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып жасалған) бойынша қылмыс жасады деп күдікке ілінген 30.09.1986 жылы туған Қырғызстан Республикасының тумасы Саилбаев Азимжан Әлімжанұлына іздеу жарияланды.
Бұлтартпау шарасы: күзетпеу қамау.
Іздеудегі азамат туралы білетіндерді +7 701 758 67 60, +7 708 683 94 33 және 8 (727) 254 43 51 телефондарына хабарласуын сұраймын" делінген Рустам Әбдірахмановтың instagram-дағы жазбасында.
Кеше қазақстандық үш белгілі актер-вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейіржан Шерниязов, Азимжан Сайдбаев қаржы пирамидасына жетекшілік етті деген күдікке ілінгені хабарланған.
Әлеуметтік желі жұлдыздары қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі 2-пункті (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету: аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып жасалған) бойынша айыпталған.
Күдікті Төребаев пен Шерниязов 1000 АЕК мөлшерінде (3 063 000 тенге) кепіл өтеп, босатылса, Саидбаевты полиция әлі таппаған.