Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен кетті

/image/2022/02/14/crop-116_11_436x581_photo_388865.jpeg

Әсем Нүсіпова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 1998 жылы осы университетте магистратураны бітірген.

2001-2003 жылдары – қауіпсіздік кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, ҚР президенті әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі.

2003-2007 жылдары – ҚР қаржы министрінің кеңесшісі, премьер-министрдің кеңесшісі, премьер-министр кеңсесінің қорытынды сараптау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2007-2008 жылдары – денсаулық сақтау вице-министрі.

2008-2016 жылдары – "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.

2016-2019 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2020 жылдың қазанынан бастап қазіргі уақытқа дейін денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарған.

Связанные теги :

Связанные Статьи