Ресей Киев тұрғындарына ескерту жасады, Зеленский: Біздің рухымызды ешкім сындыра алмайды

/image/2022/03/01/crop-8_7_663x1178_ukraine-thumbnail.jpeg
Ресей қорғаныс министрлігі Киев тұрғындарына Украина астанасындағы нысандарды атқылауға дайындалып жатқанын ескертті.
 
Киевтің технологиялық орталықтарына шабуыл жасалатыны хабарланып, жақын маңдағы тұрғындарды кетуге шақырды.
 
Орыс бронетранспортерлерінің үлкен колоннасы қалаға қарай ілгерілеп келеді.
 
Украина президенті Зеленский Еуропарламентте видеобайланыс арқылы "Біздің рухымызды ешкім сындыра алмайды" деп, депутаттардың қошеметіне ие болған.
 
Ол депутаттарды Украинаны Еуроодақ құрамына қабылдауға және оның елімен бірге екенін дәлелдеуге шақырды.
 
Украинаның ірі қаласы Харьковтің орталығындағы Бостандық алаңы шабуылға ұшырап, үлкен жарылыс болды.
 
Биліктің хабарлауынша, жарылыстан кем дегенде 10 бейбіт тұрғын қаза тапқан.
 
Ресейдің бұл әрекетін Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон "варварлық" шабуыл жасады деп айыптады
Связанные теги :

Связанные Статьи