Ұлыбританияның қорғаныс министрлігі "Украина Киевтен шығысқа қарай 35 шақырымға дейінгі кейбір қалалар мен қорғаныс позицияларын қайтарып алды" деп хабарлады.
♦ АҚШ президенті Джо Байден Украинамен шекаралас поляк қаласына барады. Бұған дейін Киев Ресей күштері Польшаның шекарасына жақын жерді зымырандармен атқылағанын хабарлаған.
♦ Украина президенті Владимир Зеленский Еуропаның Мәскеуге санкциялары және "Солтүстік ағын 2" газ құбырына тосқауыл өте кеш істелгенін айтады.
♦ Байден Брюссельде Ресей Украинада химиялық немесе биологиялық қару қолданса, АҚШ "жауап беретінін" айтты.
♦ Төтенше саммитте НАТО басшысы Йенс Столтенберг төрт жаңа жауынгерлік топ Словакия, Венгрия, Болгария және Румынияға жіберілетінін айтты.
Украиналық шенеуніктердің айтуынша, Ресей мен Украина соғыс басталғалы бері бірінші рет тұтқындарды алмастырған.