Азаматтарда жеке куәлік пен паспорт аларда қалаған суретті таңдау мүмкіндігі пайда болады

/image/2022/05/05/crop-236_262_491x873_62735dc0abe93024741065.jpg

Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының" басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин алдағы уақытта ХҚКО-ларда құжаттандыру терминалдарын орнататынын айтты.

– Былтыр 2,4 млн-нан астам қазақстандық ХҚКО арқылы жаңа төлқұжат пен жеке куәліктер алған. Қызмет ішінара автоматтандырылған, бұл қызметті әр ХҚО-да тек көші-қон полициясының екі қызметкері көрсетеді. Сонымен қатар клиенттер құжаттағы фотосуретінің сапасына көңілі толмай, жиі шағымданады. Сондықтан біз ХҚКО-ларда құжаттандыру терминалдарын орнатуды ұсындық. Құжаттау терминалдары биометриялық жүйемен және түсінікті интерфейспен жабдықталған. Азаматтар өз бетінше суретке түсіп, сәтті шыққан нұсқаны таңдап, көші-қон полициясы қызметкеріне өтінім жібере алады. Бүгінде мұндай терминалдарды пилоттық режимде іске қосуға қатысты ІІМ-мен бірлескен бұйрыққа қол қою жөніндегі мәселе шешіліп жатыр, – деді спикер.

Сүйеніш Әбділдин былтыр банктердің мобайл қосымшаларында көлікті қайта тіркеу қызметі іске қосылғанның арқасында автокөлікті тіркеу уақыты 15-25 минутқа дейін қысқарғанын атап өтті.

Сондай-ақ спикер әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметтерді банктердің мобайл қосымшалары арқылы алу жақсы дамып келе жатқанын, соңғы бір жылда Kaspi және Halyq Homebank қосымшалары арқылы 16 мың қызмет көрсетілгенін айтады.

Связанные Статьи