Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті "Рейдерлік" бабы бойынша Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваның үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің телеграм -каналында мәлім етті.
Журналист тиісті арызды Karuan ЖШС құрылтайшыларының бірі болдым, кейін үлесімді тартып алды деген Нұрша Кәкенов есімді азамат жазғанын, ол тартып алынған үлесін 150 миллион долларға бағалайтынын айтады.